Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетауда Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

2020 жылдың 21 қазан 2020 05:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Абай тұлғасы: Ұлттық руханият және әлемдік өркениет» тақырыбымен онлайн өткен халықаралық конференцияға алыс және таяу шет елдерден танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, филологтар, тарихшылар, жас зерттеушілер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өзінің шараның маңыздылығына тоқталды.

«Абайдың мұрасы – ол әлем мәдениетінің алтын қазынасы, оның есімі қазіргі замандағы ұлы ақындармен қатар тұрады. Абайдың ұлылығы оның шығармасында ғана емес, өмірлік ұстанымда, отансүйгіштігінде жатыр. Біздің облысымызда жыл басталғаннан бері ұлы ақынның мұрасын насихаттауда мәні мен маңызы зор шаралар өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін әр түрлі форматта конференция, челлендж, байқау, көрме-лекция, әдеби кеш, декада тәрізді көптеген шаралар ұйымдастырылды», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Анкараның әлеуметтік ғылымдар университеті саяси ғылымдар факультеті бөлімінің Түркі әлемі институтының директоры Мерием Хаким, М.Тореза атындағы Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің таяу шетел және ТМД елдері тілі мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Женишкуль Хулхачиева, Ош мемлекеттік университетінің «Жетиген» мектеп-лицейінің директоры Кыялбек Акматов және өзге танымал ғалымдар мен тарихшылардың Абай және оның рухани мұрасы туралы тақырыптарда баяндамалары тыңдалды. Конференция тақырыптық секциялық сабаққа ұласты.

Айта кетсек, Ақмола облысында 150 ден астам көше, мектепке және елді - мекенге Абайдың есімі берілді. Осыдан берер күн бұрын қазақ тілінде оқытылатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №3 мектеп - интернатына Абай есімі берілгенін де айта кеткен жөн.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, #Аbai175,
Жоғары қарай