Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Көкшетауда 20 жасар жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 21:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында 20 жастағы жігіт 6 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 2019 жылғы наурыздың 24-де таңғы сағат 09:16 Ақмола облысының полиция департаменті жедел басқару орталығының «102» нөміріне Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласып, 8 март көшесі 113 мекенжайы бойынша орналасқан 6 қабаттың тұрғын үйдің төбесіне 20 жасар жігіттің жүргенін айтқан.

«Әйелдің сөзінше, жігіт телефон арқылы біреумен қатты сөйлесіп, өзіне өзі қол жұмсайтынын айтқан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері ақпаратты шұғыл жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне жолдады», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына дереу «Әскер-30» автопатруль қызметінің қызметкерлері, аға сержант Нұрсұлтан Кенжебеков, аға сержант Абылай Әбілов және капитан Абзал Исин жетті.

«Тұрғын үйдің шатыры еңкіш болғандықтан, жүру қиын болды. Тіпті жас жігіт те, полиция қызметкерлері де абай болмаса, құлап кетуі мүмкін еді. Шатырға шыққанда қандай күйде болдың дегенде аға сержант Нұрсұлтан Кенжебеков «қайғылы оқиғаның жолын кесуге үлгермей қаламын деп қорықтым» деп жауап берді. Оның сөзінше, сәл кешіккенде немесе абай болмағанда, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді», - деп толықтырды ведомстводан.

Полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында жігіт құтқарылды.

«Бұл жерде полиция қызметкерлері жылдам қимылы мен өмірін қауіпке тігу арқылы бұл жалғанмен қошаспақ болған жігіт аман қалды», деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Суицид жасамақ болған жас жігітпен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай