Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетау тұрғыны банкоматта біреудің 500 мың теңгесін иемденіп кеткен

2020 жылдың 30 қазан 2020 10:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ер адам банкоматта өзге біреудің қалдырып кеткен жарты миллион теңгесін иемденіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 27 қазанда Көкшетау қаласында орын алды. 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің 540 000 теңге ақшасын банкоматтан шешіп алып кеткенін айтқан.

«Анықталғандай, зардап шегуші банкомат арқылы ақша аудармақшы болған. Ол алдымен ақшаны ұяшыққа салып, кейін операцияны толық аяқтаусыз қалдырады. Осы кезде одан кейінгі клиент ол ақшаны алып, банктің қауіпсіздік қызметіне айтпай кетіп қалады», -дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары ер адамды анықтады. Ол Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде оған процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қаралып жатыр.


Жоғары қарай