Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкірекбаев жамбылдық полицейлерге 83 қызметтік көліктің кілтін табыс етті

2016 жылдың 22 қараша 2016 19:25

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тараздың «Достық» орталық алаңында салтанатты жағдайда Жамбыл облыстық ІІД-нің қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілті табыс етілді.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т.Маткенов бастаған Ішкі істер департаменті, Жергілікті полиция қызметі мен Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының жеке құрамы қатысты.



null

ІІД горнизоны сапқа тұрып, алаңға ҚР Мемлекеттік Туы әкелінді, 5513 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуі арқылы Қазақстан Әнұраны ойналды.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев сөз сөйлеп, су жаңа арнайы қызметтік 83 автокөліктің кілтін тапсырды. Облыс әкімінің қолынан кілт алған полиция қызметкері өз кезегінде Қазақстан Республикасына қызмет етуге ант берді.
-Құрылғанына 10 айдан астам уақыт ішінде Жергілікті полиция қызметі өзінің міндеттерін тиісті деңгейде атқарып, облыстың криминогендік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Биылғы жылдың он айында облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11 пайызға төмендеді. Бүгін тапсырғалы отырған автокөліктер де қылмыспен күресу шараларын жетілдіруге өз үлесін қосатынына сенімдімін, - деді аймақ басшысы.
Келесі кезекте сөз сөйлеген облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов: «Бүгін жамбылдық полицейлер үшін ғана емес, барлық облыс тұрғындары үшін қуанышты жайт орын алды. Себебі, материалдық-техникалық базаның жақсаруы аймақ тұрғындарының мүддесі үшін қылмыспен күресуде қоғамға тиімдірек қызмет етуге септігін тигізеді» - деді.



null


null


null


null

Жоғары қарай