Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қоғамдық тамақтану орындары онлайн-жеткізуді белсенді пайдаланбақ

2020 жылдың 16 наурыз 2020 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық тамақтану орындары онлайн жеткізу қызметін пайдаланулары қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тамақтану орындарының да жұмыс уақыты сағат 22-00-ге дейін, бір уақытта келушілердің саны 50 адамға дейін шектеледі. Сонымен қатар біз кәсіпкерлерге «мүмкіншіліктер терезесін« ашуға кеңес береміз. Дәмханалар, мейрамханалар мен асханалар санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, онлайн жеткізу мүмкіндігін белсенді пайдалана алады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, сауда және қызмет көрсету саласының барлық нысандары үстелдерді, орындықтарды, эскалатор жиектерін, баспалдақтар мен есіктерді, лифтіні әр сағат сайын және еденді үш сағат сайын зарарсыздандырып отыруы тиіс. Ғимараттың ауасын да желдетіп отыруға міндетті.

«Санитарлық нормаларды күшейту жөніндегі ұсынымдарды сақтауларыңызды сұраймын. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі өте құнды», - деді министр.


Жоғары қарай