Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы қоғам мен мемлекет үшін пайдалы – саясаттанушы

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 13:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Эдуард Полетаев «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта бұл заң жобасы кең қоғамдық сараптамадан өтуде.

«Аталған заң жобасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының бір бөлігі. Ол Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауынан бастау алады. Бұл заң тұжырымдамасының өзі үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығын және Қазақстандағы азаматтық қоғамның рөлін көрсететіндігін мойындау керек. Салыстыру үшін мен ресейлік тұжырымдаманы қарадым, оларда 2014 жылы шыққан заң бар. Қуанарлығы ресейдің заңына мүлдем ұқсамайды, яғни қайталамайды. Заң жобасы әлі талқыланып жатқанымен, ол нақты жазылған. Мен оның сапалы екенін атап өткім келеді. Бұл қоғамға және жалпы мемлекетке пайдалы сындарлы тәсіл», - деді Эдуард Полетаев.

Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын талқылау үшін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті.


Жоғары қарай