Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоғамдық бақылау: Атыраулықтар дүкенде маска тақпайды, арақашықтықты сақтамайды

2020 жылдың 16 қазан 2020 13:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облыстық қоғамдық бақылау тобы сауда орталықтарын, азық-түлік дүкендерін, дәмханалар мен дәріханаларды және базарларды тексеріп шықты, деп хабарла йды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ мүшелерінің айтуынша, Атырау қаласындағы күнделікті адам көп жиналатын әлеуметтік нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталмайды.

Келушілердің көпшілігі маска тақпайды. Мәселен, «Атырау», «Тамаша», «Рахат» сауда орталықтарының кіре берісінде келушілердің маска тағуы қадағаланып, дене қызуы өлшенеді.

Алайда сауда дүңгіршектерінде сатып алушылар мен сатушылар маскасыз сөйлесіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды.

«Қоғамдық бақылау мүшелері 15 азық-түлік дүкені мен 2 базарды тексеріп шықты. Шағын азық-түлік дүкендері мен базарлар карантин талаптары мен қарапайым санитарлық ережелерді сақтауды қойған. Әуежайда да әлеуметтік арақашықтық сақталмай отыр. Карантин талаптары тек жолаушылар автобусында ғана қатаң сақталады», - делінген қоғамдық бақылау тобы таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай