Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысады

2022 жылдың 3 мамыр 2022 10:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир Таиланд астанасы Бангкок қаласында 5 және 15 мамыр аралығында өткізіледі.

Ұлттық құрама А тобында Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Ал В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Азия ойындарына алты құрама жолдама алады.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.

Азия ойындарында көгалдағы хоккейден ерлер арасында Пәкістан 8 мәрте жеңімпаз атанды. Ал Оңтүстік Корея - 4 , Үндістан - 3, Жапония - 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілер тізімі жарияланды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Хоккей,
Жоғары қарай