Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚМУ-де «G-Global - EXPO-2017» қоғамдық қозғалысын қолдау мақсатындағы жастар қозғалысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

2015 жылдың 30 қаңтар 2015 15:39

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, қызметкерлері және студенттері «Халықаралық G-Global жобасындағы Қазақстанның жоғарғы оқу орындары және «G-Global - EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысында» атты онлайн дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

«Білім, ғылым және ғылыми-әдістемелік конференция аясында өткен шараны аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен технологияларды коммерцияландыру бөлім ұйымдастырды, деп хабаралады университеттің баспасөз қызметінен.

Онлайн дөңгелек үстел барысында «G-Global - EXPO-2017» Халықаралық жобасындағы жоғары оқу орындарының негізгі қызмет бағыттарының үйлесімділігі, жобаны іске асыру бойынша университет жұмыстарының модельді жоспарын құру, G-Global халықаралық жобасын және «G-Global - EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысын қолдау мақсатында жастар қозғалысын ұйымдастыру идеялары қаралды. Сондай-ақ G-Global платформасын оқу және ғылыми-білімдік үрдісті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар деңгейінде пайдалану мүмкіндігін арттыру және уәждеме механизмін регламенттеу мәселелері талқыланды.

«G-Global коммуникативті алаңы жобасы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Қали Омаров баяндады. Жиынға Қазақстанның 15-тен астам жетекші жоғары оқу орындары қатысып, келелі ой-пікірлерімен бөлісті.

Жоғары қарай