Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ҚМДБ 45 рәсімді өткізудің бірыңғай стандартын бекітті

2019 жылдың 24 қазан 2019 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барлық 45 рәсімді өткізудің бірыңғай стандартын бекітті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы уақытта біздің азаматтардың дінге бет бұрып келе жатқанын ерекше атап өту керек. Сондықтан, азаматтарды рухани тұрғыда тәрбиелеуде діннің орасан зор рөлін жасыру – ақымақтық болар еді. Осыған байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында, әлбетте, Исламды барлық бағытта дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыруда үлкен жауапкершілік бар. Ол дегеніңіз – медреседе оқыту, әртүрлі рәсімдерді дұрыс өткізу, қайырымдылық жасау, ең бастысы азаматтарға көмек беру секілді маңызды шаруалар. Алайда зайырлы санатқа өте отырып, кел келген институттың тиімді жұмысы үшін әрине, бірнеше қағидатты ұстану керек. Ол қағидаттардың бірі – біркелкілік. Күні кеше имамдар форумында бірнеше маңызды құжат қабылданды. Ол құжаттар ҚМДБ-ның бұл қағидатты жұмысын күшейтуге бағытталған», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуына қарағанда, «Жеті рухани тірек» атты мұсылмандардың рухани алаңында негізгі құндылықтар бекітіледі.

«Ол – адамгершілік, патриоттылық, бірлік, еңбексүйгіштік және т.б. Халықпен жұмыс жүргізуде міне, осы қасиеттер негізгі бағыттар болмақ. Екіншіден, бұл – дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдердің реестрі. Діни рәсімдер адамдардың бүкіл өмір жолында алдынан шығады. Бүгінгі талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, елдің әртүрлі өңірінде белгілі бір рәсімді өткізерде айтарлықтай айырмашылық бар. Сол себепті, ҚМДБ барлық 45 рәсімді өткізудің біркелкі стандартын бекітті. Үшіншісі – діни лауазымдар реестрі. Бұл жерде әңгіме лауазымдық нұсқаулар, медресе тыңдаушысынан Бас мүфтиге дейінгі аралықтағы міндеттемелері туралы айтылып отыр. Менің ойымша, бұл – біздің еліміздегі діни қарым-қатынастарды жүйелендіруге бағытталған құжаттар пакеті. Жалпы, мұның бәрі де аталған саладағы жағдайды жақсарта түсеріне сенемін», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше елордада «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өткен болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына құттықтау хатын жолдады.

Жоғары қарай