Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қиын жағдайға тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді – ІІМ

2021 жылдың 26 шілде 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 3 мыңнам астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл түрлі қиын жағдайда тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Жалпы, орталық қызметін алғысы келген азаматшалар өз бетінше немесе тәртіп сақшылары арқылы жүгіне алады. Дағдарыс орталығы отбасылық зорлық-зомбылық көрген немесе өмірде түрлі қиындықтарға ұшыраған әйелдерге қол ұшын созуға дайын», - деді А. Милюк ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 49 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр, оның 39-ның уақытша баспанасы бар.

«Ел аумағындағы барлық дағдарыс орталықтарының тізімі мен байланыс телефондарын министрліктің және өңірлердегі полиция департаменттерінің ресми сайтынан табуға болады», - дейді ол.

Бұған дейін ІІМ өкілі елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершіліктің күшейе түсетінін айтқан болатын.


Жоғары қарай