Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кісі өлтіргені үшін 15 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы Теміртаудан ұсталды

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 01:28

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен он бес жыл бойы іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 қарашада Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасына Самара облысы бойынша Ресей ІІМ ММ-нен аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан 43 жастағы Ресей азаматы Қарағанды облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.

Тергеу мәліметіне сенсек, 2005 жылы ол Ресей Федерациясының Самара облысындағы басқа серіктестерімен бірігіп Ресей азаматын ұрлап кеткен. Сосын оны балталап, өлтіріп тастаған.

Кейіннен жәбірленушінің мәйітін өртеп, жақын маңдағы су қоймасына мұз астына жасырған.

Аталмыш дерек бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«30 қарашада жедел іздестіру барысында Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері он бес жыл бойы Теміртауда бой тасалаған ресейлік азаматты анықтап, ұстады. Ол уақытша изоляторға қамалды» деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай