Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кіші Талдыкөл маңындағы құрылыс жұмыстары тоқтатылды

2021 жылдың 30 қазан 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда іргесіндегі Кіші Талдыкөл маңайында жүріп жатқан құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, астаналық басқарма Кіші Талдыкөл маңында құрылыс салып жатқан «SAT-NS» ЖШС жұмысына тексеру жүргізген.

«Тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес, құрылыс компаниясының қызметіне қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, кодекстің 463 бабы 1 тармағына қатысты құрылыс салу туралы хабар бермеген. 316 бап бойынша құрылыстың жобалық-сметалық құжаты сараптама талаптарына сәйкес келмейді. Және 316 бап бойынша құрылысты техникалық және авторлық қадағалау сүйемелдеуінсіз жүзеге асыру. Сондай-ақ, аталған заңбұзушылықтарды жою және құрылыс жұмысын тоқтату туралы ұйғарым шығарылды», - делінген ақпаратта.

Осы тұста айта кететін жайт, аталған құрылыс компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 510-3075 қаулысына сәйкес Кіші Талдыкөл аумағында өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді іздестіру және жобалау жұмысын жүргізуге рұқсаты бар болып шықты.

Еске сала кетсек, таяуда ғана ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елордадағы Кіші Талдыкөлдің сақталып қалатынын айтқан еді.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Жоғары қарай