Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынған әкімдік түсіндірді

2020 жылдың 19 қазан 2020 11:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Кіші Алматы өзеніндегі каскадты төсемелер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қираған тастардың суреті Экологиялық қауымдастықтың Facebook желісінде жарияланды

Экологтар өзеннің каскадты төсемелері алынып тасталғанына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, каскадтың арқасында өзеннің арқыраған ағыны азаяды.

Сондай-ақ, қаланың микроклиматына жайлы, жазда ауаны салқындатады.

Қалалық жасыл экономика басқармасы бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

«Кіші Алматы өзенінің жағалауын қайта қалпына келтіру жобасының аясында Бөгенбай көшесімен қосымша су құбырын орнату жоспарланған. Су өткізетін жүйе ескірген. Су кейде жолдарға шығып кетеді, тротуарларды басып қалады. Алынған каскад плиталары жоба бойынша су құбыры орнатылған соң қайтадан төселетін болады», -деді басқармадан.


Жоғары қарай