Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кипрде 10 мамырдан бастап карантин алынады

2021 жылдың 10 мамыр 2021 10:14

НИКОСИЯ. ТАСС-ҚазАқпарат – Кипр Республикасы билігі 10 мамырдан бастап қатал карантиндік режимді алып тастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дегенмен тұрғындарға кез келген қоғамдық орындарға кіру үшін Coronapass пропускі керек. Ол адамның коронавирус тасымалдамаушысы емес екенін дәлелдейді. Мұндай шешімді сәрсенбі күні кешке аралдық мемлекеттің министрлер кабинеті қабылдады.

Бұл пропуск 10 мамырдан бастап өнеркәсіп тауарлары дүкендері, театр мен кинотеатрлар, сонымен қатар жаттығу залдарына кіру үшін керек.

Coronapass қосымша білім беру орталықтарына, шіркеуге, үйлену тойларына, жерлеу және шоқыну рәсімдеріне қатысу үшін де қажет. 16 мамырға дейін мұндай салтанатты жиындарға 10-нан көп адам қатыса алмайды. 17 мамырдан бастап шектеу 200 адамға дейін кеңейтіледі, дегенмен шаралар ашық ауада өтуі қажет.

Муниципалдық базарлар, шаштараз және сұлулық салондарына бару үшін, ашық ауада саябақтарда, алаңдарда, жағажайда, бөген жағаларында және көкке шығуға арналған жерлерде 10-нан аз адам жиналса, Coronapass керек емес. Сонымен қатар аралда бұқаралық жиналыс, наразылық акциялары, кез келген шерулер, концерт, жәрмеңкелер мен қоғамдық және жеке орындардағы фестивальдерге тыйым салынады.

10 мамырдан бастап коменданттық сағаттың уақыты екі сағатқа қысқарады: 23:00-де басталып, 05:00-де аяқталатын болады. Алайда оның уақытында арнайы нөмірге үйден шығу мақсаты жазылған СМС-хабарламасын жіберу арқылы жұмыс орнына барып-келіп, шұғыл қажет кезде медициналық орталықтар, ауруханалар, дәріханалар мен мал дәрігеріне баруға болады.

Еске сала кетейік, өткен жылы аралға саяхаттау үшін аз уақыттың ішінде қосымша тестілерден өту, қосымша шығындар мен көлемді жол жүру сауалнамасын толтыруды қарастырған.

Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай