Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кикбоксинг: 18 жастағы бойжеткен Қазақстан чемпионы болды

2018 жылдың 2 сәуір 2018 20:46

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары екі алтын, екі күміс және бір қола медаль иемденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда, фул-контакт бойынша 54 кг салмақ санатында Евгений Павлов бірінші орынды жеңіп алды. Қыздар арасында 70 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен 18 жастағы Жансұлу Қажауова да алтын медаль алды. Ол Қазақстанның жастар құрамасының құрамына кіреді.

«Біз оны жарысқа осы айда Өскеменде өтетін жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындау үшін әкелген едік. Ал ол ересектер арасында қиын үш жекпе-жек өткізіп ел чемпионы болды», - дейді кикбоксингтен облыстың аға бапкері Әділ Нұржауыпов.

Күміс жүлдені 91 кг санатында Нұрсұлтан Жәулетбаев, 70 килограмға дейінгі салмақта Дарина Бильденова қоржынға салды. Ал 51 кг санатында өнер көрсеткен Нұрлан Алдабергенов қола жүлдемен шектелді.

Турнирге еліміздің барлың өңірінен 195 спортшы қатысты. Чемпионат биыл Италияда өтетін Әлем кубогына іріктеу кезеңі міндетін атқарды.



Фото: pg11.ru

Жоғары қарай