Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Киелі кітапқа ЛГБТ заңдастыратын түзетулер енгізілді - ФЕЙК

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Ватиканның үшінші оқылымда Киелі кітапқа бір жыныстағы адамдардың қарым-қатынасы мен некені заңдастыратын түзетулер қабылдағаны туралы хабарлама таралды. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл ақпараттың дереккөзі – «Панорама» АА (Қазақстанда бұғатталған).

Бұл сатиралық басылым, онда шынайы жаңалықтар жарияланбайды, бұл туралы онлайн – порталдың әрбір парақшасында айтылады.

Ватиканның Желідегі ресми парақшасында Киелі кітапқа енгізілген түзетулер туралы хабарламалар жоқ.

Демек, Киелі кітапқа бір жыныстағы адамдардың некесін көтермелейтін өзгерістер енгізілгені туралы хабарламалар әзіл болып табылады.

Бұған дейін де қазақстандықтар «Панорама» АА-да жарияланған хабарламаларды шынайы жаңалықтар деп қабылдаған. Мысалы, Қазнетте Gucci сән үйі Лениннің денесіне костюмдер тігеді, ал вакцина салдырған ресейліктердің барлығы мемлекеттік қызметтер порталы арқылы 5G чиптерін жаңартуы керек деген қауесеттер тарады.


Басты сөздер: Фейк,
Жоғары қарай