Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Kids go free: Қанша жастағы балалар ұшақта тегін ұша алады

2021 жылдың 14 маусым 2021 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Kids go free бағдарламасының биылғы талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kazakh Tourism компаниясы Kids go free бағдарламасының әкімшісі және операторы болады. Бұл – балалардың ұшу шығынын субсидиялау тетігі. Бұл бағдарлама топ-10 дестинацияда отбасылық демалысты ұйымдастыру көлемін арттыруға бағытталған. Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады. Яғни, 2-14 жас аралығындағы баласы бар отбасы қазақстандық курорттарға туристік операторлар арқылы билет сатып алған болса, балалардың билет құны кешіріледі», - деді компания басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Kazakh Tourism басшысы мұндай субсидия 2-3 жолдамаға төленбейтінін ескертті. Сондай-ақ, билет құны тек туристік операторлар арқылы демалысқа барған отбасыларға ұсынылмақ.

«Мұндағы жалғыз талап - ұшып келген жерде отбасы 4 түн, 5 күннен кем болмауы керек. Осы арқылы біз Қазақстандағы отбасылық демалысты қолдаймыз. Біздің есебіміз бойынша осының арқасында отбасының жолдама алуға кететін бюджеті 20-30 пайыз үнемделеді», - деді Ержан Еркінбаев.


Жоғары қарай