Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: Елордалық «Барыс» жаңа маусымды Латвияда бастайды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы кездесуінде Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде команда басшылығы мәлім етті. Ойын 3 қыркүйекте өткізіледі. Кездесу қайда болатыны жөнінде әзірге нақты шешім жоқ. Өйткені, коронавирусқа байланысты «Барыс» әзірге өз айдынында қабылдай алмайды. Құрлықтық хоккей лигасының алдағы маусымдағы толық ойын күнтізбесі бүгін кешке дайын болады.

Клуб басшылығы «Барыс» 5-20 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізетін хабарлады. Ал 21 тамызда Өскеменнің «Торпедо», 27 және 29 тамыз күндері Қарағандының «Сарыарқа» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді. Елордалық клуб 31 тамызда Ресейдің «Автомобилист» клубымен мұз айдынға шығады.

Бас бапкер Юрий Михайлис шетелдік хоккейшілер 10 тамызда клуб құрамына қосылатынын жеткізді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай