ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 24 қарашада, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында СКА командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен сағат 22.30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 24 мәрте кездесті. Оның 5-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, «Барыс» аталған командадан қатарынан тоғыз мәрте жеңіліп. 4 қазанда өткен соңғы ойында басым түскен болатын.
Қазір «Барыс» 25 ойыннан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде 18 орында келеді. Ал 28 ойыннан кейін 37 ұпай еншілеген СКА командасы 8 орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төрт мәрте жеңіліп қалды.