Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2020 жылдың 30 қазан 2020 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клуб жеңіске жетті.

Екі команда да биыл сәтсіз ойын көрсетіп жүр. «Барыстың» 16 ойыннан кейін 16 ұпайы бар. Турнир кестесінде 19-орында тұр. Ал 19 ойыннан кейін небәрі 11 ұпайды місе тұтқан «Куньлунь Ред Стар» 22-орынға жайғасқан.

Елордалық клуб соңғы төрт кездесуінде жеңіліске ұшыраса, қытайлық команда кейінгі бес кездесудің төртеуінде қарсыластарынан басым түсті.

Соңғы турда «Барыс» Ресейде «Сочи» хоккей клубына 0:3 есебімен есе жіберсе, «Куньлунь Ред Стар» сол елдің Санкт-Петербург қаласында СКА командасын 2:1 есебімен ұтты.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай