Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2020 жылдың 23 қазан 2020 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейдің Қазан қаласының «Ак Барс» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен 19.30-да басталып, «Qazsport» және КХЛ-ТВ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 37 мәрте кездесті. «Барыс» небәрі 7 рет жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Соңғы ойында«Барыс» елордада Финляндияның «Йокерит» клубынан овертаймда 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойында қазақстандық клуб сапынан Якоб Лилья, Егор Петухов, Аркадий Шестаков және Линус Виделль мергендігімен көзге түсті.

Қазір «Барыстың» 13 ойыннан кейін 16 ұпайы бар. Жалпы турнир кестесінде 18 орында тұрса, шығыс конференциясында тоғызыншы орынға жайғасқан. Команда құрамынан Алексей Маклюков пен Хенрик Карлссон жарақат алуына байланысты алдағы ойынға қатыспайды.

«Ак Барс» екі күн бұрын Хабаровскіде жергілікті «Амур» командасына 1:7 есебімен жол берді. Ресейлік клуб жалпы турнир кестесінде 20 ойыннан кейін 28 ұпаймен үшінші орында тұрса, шығыс конференциясында да үшінші орынға жайғасқан. Олардан қақпашы қақпашы Тимур Билялов пен қорғаушы Кристиан Хенкель бұдан бұрын жарақат алып қалды. Сондықтан «Барыспен» кездесуге қатыспайды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай