Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚХЛ: «Барыс» жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

2022 жылдың 3 қаңтар 2022 20:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» өз айдынында «Динамо» (Рига) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде 17-минутта елордалықтар капитаны Роман Старченко есеп ашты.

Екінші таймда Антон Сагадеев есепті еселегенімен, қонақтардан Мартиньш Карсумс жауап гол соқты. Дегенмен Р.Старченко тағы да мергендік танытты - 3:1.

Үшінші кезең Юрий Михайлис шәкірттерінің толықтай басымдылығымен өтті. Әуелі Якоб Берглунд көзге түсті. Сосын Никита Михайлис қатарынан екі голдың авторы атанды. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, Роман Савченко нүкте қойды - 7:1.

Осылайша 45 ойыннан кейін 44 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында сегізінші орынға нық жайғасты.

Елордалықтар келесі бәсекені 5 желтоқсан күні өз айдынында ҚХЛ көшбасшыларының бірі - «Металлург» (Магнитогорск) клубымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» жылдың алғашқы матчын Риганың «Динамо» командасымен өткізетінін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Хоккей, Спорт,
Жоғары қарай