Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» үшінші ойында қатарынан жеңілді

2019 жылдың 29 қазан 2019 21:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» командасы соңғы кездесулерде сенімді ойын көрсете алмай келеді. Атап айтқанда, соңғы алты ойынның төртеуінде қарсыласына есе жіберді.

«Металлург» командасы «Барыстың» ыңғайына жығылып кете қойған жоқ. Ресейлік клуб хоккейшілері алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 5-минутында олардың қатарынан Денис Паршин қазақстандық клубтың қақпасын дәл көздеді. Ал елордалық хоккейшілер сапынан 29-минутта Даррен Диц таразы басын теңестірді. Ал 32-минутта «Металлург» хоккейшісі Максим Матушкин қайтадан ресейлік клубты алға шығарды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Айта кетерлігі, «Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңіліп отыр.

Енді «Барыс» елордада екі ойын өткізеді. Алдымен 31 қазанда Ресейдің «Автомобилистімен» (Екатеринбург) кездессе, 2 қарашада ЦСКА (Мәскеу) командасын қабылдайды.

Бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Ак барыс» (Қазан) командасынан жеңіліп қалды .

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай