Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

ҚХЛ: «Барыс» соңғы екі кездесуде жастарға сенім артады

2020 жылдың 24 ақпан 2020 01:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы екі турға шетелдік ойыншыларды алып барған жоқ. Бапкерлер сырт айдындағы ойындарда қазақстандық жастарға сенім артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетелік, 25 және 27 ақпан күндері Владивостокта «Адмирал», Хабаровскіде «Амур» командаларымен шеберлік байқасады. «Барыстың» бас бапкері аталған ойында қазақстандық жастардың әлеуетін байқап көруге шешім қабылдады. Команда құрамында барлық шеп бойынша өзгерістер бар.

Қақпада Сергей Кудрявцев, Денис Каратаев, Кирилл Стрия сынды хоккейшілер ойын көрсетеді. Ал қорғаныста Самат Данияр, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семёнов, Егор Шалапов сынды хоккейшілер мұз айдынға шықса, шабуыл шебінде Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Артур Гатиятов, Дмитрий Гурков, Саян Данияр, Ярослав Евдокимов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Антон Некряч, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков бой көрсетеді.

Аталған ойыншылардың барлығы ұлттық және жастар құрамаларында ел намысын қорғап жүр. Сондықтан олар үшін екі кездесу өздерін жақсы қырына танытуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетелік, қазір «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі жалпы турнир кестесінде 82 ұпаймен алтыншы орында тұр. Плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға бірнеше тур бұрын қол жеткізіп қойды. Ал «Амур» 18, «Адмирал» 20-орында келеді.

Бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түскенін жазған едік.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай