Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚХЛ: «Барыс» кезекті матчы кейінге қалдырылды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 02:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыстың» «Витязь» командасымен кезекті ойыны өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мачттың тоқтатылуына «Витязь» командасының 4 спортшысынан ПТР тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталуы себеп болған. Вирустың таралуын болдырмас үшін 13 қаңтарға белгіленген ойын өтпейтін болды. Қашан өтетіні кейін хабарланады.

Айта кетсек, елордалықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында бұрынғысынша сегізінші орында келеді.

«Витязь» 43 ұпаймен Батыс тобында 10-сатыда тұр. Аталмыш клуб қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты. Соңғы бәсекеде «Северстальға» овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді.

Юрий Михайлистің шәкірттері жаңа жылда үш рет қатарынан жеңіске қол жеткізді. Соның ішінде көш бастаушы командалардың бірі – «Металлург» (Магнитогорск) клубын екі мәрте ұтты.

Елорда уақытымен сағат 22.30-да басталатын «Витязь» - «Барыс» матчын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде қарауға болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Торпедомен» ойыны кейінге қалғанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Хоккей, Спорт,
Жоғары қарай