Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

ҚХЛ: «Барыс» «Ак барсқа» есе жіберді

2019 жылдың 26 қазан 2019 22:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Ресейдің «Ак барс» (Қазан) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Ак барс» құрлықтық хоккей лигасында тәп-тәуір ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Жалпы турнир кестесінде екінші орында тұр.

Сондықтан бүгінгі кездесу де «Барыс» үшін оңайға түспейтіні белгілі еді. Айтқандай, қазандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Кездесудің 11-минутында Камиль Фазылзянов «Ак барс» командасын алға шығарды. Ал 18-минутта елордалық Әлихан Әсетов таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қазандық клуб сапынан Мэтт Фрэттин 37, Артём Галимов 48-минутта екі шайба соғып, жеңісті жақындатуға тырысты.

Кездесу соңына таман «Барыс» хоккейшілері таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Нәтижесінде 54-минутта Никита Михайлис мергендік көрсетті. Дегенмен елордалық команда есепті теңестіре алмады. Осылайша олар қарсыласынан 2:3 есебімен жеңілді.

Бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасынан жеңіліп қалған болатын.

Енді «Барыс» 29 қазанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай