Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХА жастар қанатының белсенділері соғыс ардагерлерін құттықтады

2021 жылдың 8 мамыр 2021 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының белсенділері соғыс және еңбек ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, еліміздің этномәдени бірлестіктерінің ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының мүшелері соғыс уақытындағы сұмдықтың тірі куәгері Фаина Шкуркомен кездесті.

Фаина Мартыновна тылда жұмыс істеген. Ол 50-жылдары Қазақстанға тың жерлерді зерттеуге келді және өзінің өмірін Қазақстанмен мәңгі байланыстырды.

«Соғысты бастан өткердік, сондықтан біз адамзаттың қандай ауыр трагедияға тап болғанын білеміз. Мен барлық жас қазақстандықтарға бірлігімізді және еліміздегі бейбітшілікті қорғауды тілеймін. Сіздер біздің Тәуелсіздігіміздің тірегісіздер. Жастарға еліміздің болашағы үшін жауапкершілік жүктеледі», - дейді Фаина Шкурко.

Акцияға қатысушылар Ассамблея ардагері, ұлттық орталықтардың алғашқы көшбасшыларының бірі Салман Героевтің үйінде болды.




Ол бала кезінен 1944 жылы вайнақтарды жер аудару кезіндегі ауыртпалықтарды басынан өткерді. Оның отбасы Шешен-Ингуш Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының мыңдаған тұрғындарымен бірге Қазақстанға келген. Ардагер жастарға қазақтар өз халқын қандай қонақжайлықпен қабылдағанын, қоныс аударушылармен жан жылуы мен ақ дастарханмен бөліскендігін айтты. 1990 жылы мамырда ол алғашқы ұлттық орталықтардың бірі «Вайнахты» басқарды, кейінірек жаңа астананың құрылысына белсенді қатысты.

ҚХА жастары жаңа астананың пайда болуына зор үлес қосқан тағы бір еңбек ардагері Рафаил Аблаковқа барды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Володаровка ауылында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, ол өзінің еңбек жолын Целиноградта бастады. Астананы ауыстыру кезінде ол қаладағы маңызды құрылыс және әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысқан. «Астана-Инжстрой» компаниясының басшысы бола отырып, ол қаланың басты безендірулерінің біріне айналған Есіл өзенінің жаңа жағалауының құрылысын басқарды. Ал зейнеткерлікке шыққаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына және Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресіне белсене қатысуда.

Жеңіс күні қарсаңында ҚХА жастарының осындай акциялары бүкіл елде өтіп жатыр. Мереке қарсаңында жастар көшбасшылары өз құттықтауларын Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлеріне де жолдауда.








Жоғары қарай