Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХА-ның Аналар кеңесінде бірлік пен келісім мәселелері көтерілді

2021 жылдың 21 маусым 2021 20:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға, азаматтық және отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді дамытуға, мемлекеттік тілді ілгерілетуге және этносаралық коммуникацияның кең әлеуметтік алаңы ретінде Аналар кеңестерінің жұмысына байланысты мәселелерді шешудегі Аналар кеңестерінің рөлін талқылады.




ҚХА төрағасының орынбасары М.Әзілханов өз сөзінде, Аналар кеңесі - біздің жастарды әлеуметтендірудің басты және тиімді институты екенін атап өтті. Осыған байланысты олар тәрбие жұмысы процесінде, әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын ілгерілетуге, сонымен қатар Ассамблеяның Аналар кеңесі белсенді жастарға, жас аналар үшін нағыз әлеуметтік лифт болуы тиіс.

М.Әзілханов Аналар кеңестерін институционалдық нығайтудың, оларды әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестерге енгізудің, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысына, жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерінің жүйесіне ықпалдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ассамблея алдында тұрған жаңа міндеттер аясында ҚХА Аналар кеңесін одан әрі дамыту шаралары айқындалды.





Жоғары қарай