Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кейбір кәсіпкерлер жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау мүмкіндігін алмақ

2022 жылдың 12 мамыр 2022 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекеменшік автодромы бар кәсіпкерлер жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз автодромы бар немесе оны салуға дайын кәсіпкерлерге жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметін көрсету мүмкіндігін қарастыру мәселесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына министрлік тарапынан тиісінше тапсырмалар берілді. Жекеменшік автодромы бар кәсіпкерлерді, атап айтқанда қажетті талаптарға сәйкес келетін жеке автодром қызметтерін сұранысы жоғары аймақтарға тарту бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін назарларыңызға саламыз», - делінген Бағдат Мусиннің жауабында.


Жоғары қарай