Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентаулық жалғызбасты ана мал бордақылаумен айналысады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 22:07

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны Ұғылпатша Қаһарова жылқы бағып, бордақылаумен айналысып келеді. Жүйнек ауылдық округінде тұратын шаруа ана ең алдымен, өз қаржысына 6 жылқы алып, кәсібін бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында бүгінде жылқы малының санын 40-қа дейін көбейткен. Қазіргі таңда бір жылқыдан 250-340 кг аралығына дейін ет алады. Малды негізінен Қостанай облысынан алдыртқан. Етті бағыттағы асыл тұқымды жылқылар ерекше күтімді қажет ететіндіктен, шаруа оларды күтіп-баптауға күніне 7-8 сағатын арнайды.





Ұғылтпаш ананың балалары да отбасылық кәсіптен алшақ емес. Олар анасына қолғабыс болып, ата кәсіптің қыр-сырын меңгеріп жүр. Үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, әр жануардың денсаулығына айрықша күтім жасаудың үлгісін қолдануда. Еңбекқор ана бордақыланған жылқы етіне сұраныс артқанын, әсіресе жергілікті тұрғындар алып кететінін айтады. Жалғызбасты ана ендігі жерде қораларын ұлғайтып, жылқы санын 100-ге жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, қымыз өндіруді қолға алғысы келетінін айтады.





Жоғары қарай