Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентаудағы цех айына 500 жиһаз шығарады

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 11:31

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында өңірге «DIVALUX» атауымен танымал жиһаз жасайтын мекеме орналасқан. Қазіргі таңда онда 120 адам жұмыс істейді. Цехта жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түрлі сәнді үлгіде жасалынған жиһаздарға Қазақстанның барлық аймағынан тапсырыстар түседі.
Өндіріс орны қажетті шикізатты Түркиядан алдыртады. Ал, мамандарды өздері оқытып, дайындап барып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, сатылымға шығарылады.
Алдағы уақытта сапасы жоғары, бағасы қолжетімді жиһаздың көлемі артпақ. Себебі серіктестік қазіргі таңда Жүйнек ауылынан 500 адамды жұмыспен қамтитын үлкен цехтың құрылысын жүргізіп жатыр. Оның құрылысы толықтай 2021 жылы іске қосылмақ.























Жоғары қарай