Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Кентауда алаяқ ауылдасының 160 бас малын алдап алып кеткен

2020 жылдың 4 маусым 2020 14:45

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласында ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі анықталды. Күдікті ауылдасының малын сатып беремін деп, 160-тан астам ірі қарасын алдап алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД департаментінің мәліметінше, алаяққа алданған тұрғын полицияға арызданған. Оның сөзінше, алаяқ танысы 2017 жылы оған «сиырлары мен бұқаларыңды сатуға көмектесемін» деп уәде бергенін айтқан. Содан бері күдікті мал иелеріне ақшасын да, малын да қайтармаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 45 миллион теңгені құраған. Күдіктіні анықтау мақсатында полиция қызметкерлері қажетті іздестіру шараларын жүргізіп, қолға түсірген. Ол да жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, ауылдасының малын сатып жібергенін айтқан. Ал, ақшаны өз қажеттіне жұмсаған.

«Қазіргі таңда осы жайт ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігімен («Алаяқтықпен») тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды» делінген хабарламада.


Жоғары қарай