Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентауда 6 жасар баланы қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 27 қараша 2020 10:21

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен кішкентай бала түсіп, жан тапсырғаны көрсетілген. Ақпарат алысымен полицейлер оқиға орнына бірден жол тартып, мән-жайды анықтауға кірісті.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғады.

Кентау жедел-тергеу тобы өрескел қателік жасағанына қарамастан қашып кеткен көлік жүргізушіні іздеді. Куәгерлерден жауап алынды.

Келеңсіз оқиға болған күні кезекшілікте болған полиция подполковнигі Мұхамедәлі Тұрғынбаев осы іске қатысты күдіктіні ұстауға барын салып, қырағылық танытты. Соның арқасында адам қағып, жол апатын жасап, қашып кеткен күдікті ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті ауыл көшелерінің бірінде келе жатқан. Осы мезетте 6 жасар бала көлік алдынан жүгіріп шығып қалған. Жүргізуші азамат көлігін басқара алмай, оны қағып кетеді.

Содан соң оны ауыл ішіндегі дүкендердің біріне алып барып, оқиға орнынан қаша жөнеледі. Ал, дүкен иесі жедел жәрдем қызметкерлеріне шұғыл хабар берген. Алайда бала ауруханаға жетер-жетпес көз жұмады. Күдікті болса көлігін ауыл шетіне апарып, қорасына жасырған жерінен табады.


Жоғары қарай