Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентау қаласының жылыту маусымына дайындығы пысықталды

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 13:28

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласындағы қазандықта қысқа дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 60 пайызы орындалған, жұмыс 20 қазанға дейін толығымен аяқталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың қысқа дайындығын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Бұл жұмыстармен танысу үшін облыстық Табиғи монополиялар департаментінің өкілі мен «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» өкілдері келіп, аралап шықты. Жұмысшы топ «Кентау сервис» мекемесінің атқарып жатқан шаруаларына оң бағасын берді.

Биыл кентаулықтар қыстан қиналмай шығатынын айтқан ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департамент басшысы Бекжан Әлімқұлов дайындық мәселелері облыс басшысының тікелей назарында екенін жеткізді.





Айта кетейік, «Кентау сервис» мекемесіне 14534 абонент қосылған. Бүгінгі таңда мекемеде 62 тонна сұйық отын әзірленген болса, 27 мыңға жуық тонна қатты отын келісімшарт негізінде Екібастұздан Кентау қаласына жөнелтілуде.











Жоғары қарай