Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Келесі жылы да әлемдік футболда бес ойыншы алмастыру ережесі сақталады

2020 жылдың 16 шілде 2020 00:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы маусымда да әлемдік футболда кездесу барысында бес ойыншыны алмастыру ережесі сақталады. Аталған шешім FIFA-ның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында бес ойыншыны алмастыру ережесін жарысты ұйымдастырушылар өзара шешеді. Бұл ереже барлығына міндетті болып есептелмейді.

Естеріңізге сала кетелік, ойыншылар алмастыру бойынша мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты үзіліп қалған жарысты жалғастыру уақытында қабылданды. Ұзаққа созылған үзілістен кейін футболшыларға түсетін жүктемені азайту мақсатында осындай шешім қабылданған болатын.

Ойын барысында бес футболшыны үш мәрте үзіліс жасап алмастыру міндеттелген.

Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай