Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 13:16

ТҮРКІСТАн. ҚазАқпарат - Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба 2020-2021 жылдары іске қосылуы жоспарланған. Ауқымды екі жоба іске асырылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, биыл темір бетон бұйымдарын өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған. Жүзеге асқан екі жоба шеңберінде жалпы 100 адам жұмыс орнымен қамтылды.

Бүгінгі таңда «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 227,4 млн теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда тағы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттары алынып, жер учаскесін тегістеу және жарықтандыру бойынша жұмыстары аяқталды. Құрал жабдықтары орнатылуда.

Келес өңірінде аудан бюджетінің толығуына қомақты үлес қосатын шағын кәсіпкерлікте қарқынды дамып келеді. Былтыр жұмыс істеп тұрған 8 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілерде 11 мыңнан астам адам жұмыс істеп, 21 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы 250 млн. теңгеге жуық бюджетке тиісті салық түсімдері түсті. Кәсіпкерлік нысандардың 97%-дан астамы тұрақты жұмыс істеп тұр.


Жоғары қарай