Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кедендегі құқықбұзушылықтардың сомасы үш жылда 165 млрд теңге болды

2022 жылдың 6 мамыр 2022 12:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, шара барысында 9 уәкілетті экономикалық оператор мен 1 филиалы көшпелі кедендік тексерулерді аяқтады, қосымша есептеу сомасы 107 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, 58 млрд.теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды.

«Үш жыл ішіндегі бұзушылықтардың жалпы сомасы - 165 млрд теңге. Бұдан басқа, 398 млрд теңгеге жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру белгілері бар. Алдын ала шығын сомасы – 128 млрд.теңге. Материалдар қылмыстық іс қозғау мәселесін қарау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сонымен қатар 151 импорттаушының жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру белгілері бойынша материалдары қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді», - делінген комитет хабарламасында.

Бұл бұзушылықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің арқасында анықталған, олардың базасында тауарларды импорттан бөлшек саудадағы экспортқа дейін қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде кедендік декларациялардың 100%-ы электронды түрде беріледі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кейіннен әкімшілендіру кезінде пайдаланылатын мәліметтерді дербес мәлімдейді.


Жоғары қарай