Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кеден бекетінің мамандары кальянға табакты заңсыз әкелуге ықпал еткен - Түркістан облысы

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 13:59

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шекарада Өзбекстан Республикасынан кальянға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Сот үкімі бойынша кінәлілер – «Қапланбек» кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг, жалпы сомасы 59 596 729 теңгеге «SERBETLI» кальянына табакты заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік мансабын аса пайдалана отырып ықпал етті.

Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Жоғары қарай