Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұрт тұрғындары Түркістан қаласына 8 мыңға жуық түп тал екті

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 18:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қазығұрт ауданының тұрғындары Түркістан қаласына 8 мыңға жуық түп тал екті. Бұл шара облыс орталығын көркейтіп, көгалдандыру мақсатында атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, шаһар бірнеше секторға бөлініп, аудандар мен облыстық басқармалар жауапты ретінде белгіленген болатын. Осыған байланысты Қазығұрт ауданы өзіне тиісті 6-секторда көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Аудан аталған сектордағы көшелерді көркейту, көгалдандыру бойынша «Көркем қала KZ» ЖШС-мен келісімшартқа тұрған. Секторда 9 көше бар болса, қазіргі таңда онда тегістеуді қажет ететін 8 көшенің 5-не тиісті жұмыстар жүргізілген. Аталған аумақта 532 түп арша, 1582 түп қараған талы, 1045 айлант, 3428 түп сірке ағашы, 532 дана үйеңкі егілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Түркістан қаласындағы 6-шы секторда ауданнан келген 45 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 6 арнайы техника жұмысқа тартылған. Бұдан өзге, 1 су таситын көлік, 2 экскаватор, 2 жүк көлігі, 1 газель автокөлігі жұмылдырылған. Көшеттерді суару үшін 5 ұңғыма қазу жоспарланып, бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Барлық көшеттерге жаз мезгілінде тамшылатып суару әдісі қолданылатын болады.














Жоғары қарай