Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұрт ауданының 51 елді мекеніндегі 102 235 тұрғын биыл табиғи газбен қамтылмақ

2020 жылдың 28 қараша 2020 03:00

ҚАЗЫҒҰРТ.ҚазАқпарат - Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 111 млрд 413,4 млн. теңгені құрады. Ал жалпы тартылған инвестиция көлемі 12 млрд 579,9 млн. теңгеге жетті.

Бұл туралы аудан әкімі Төлеген Телғараев Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ауданда 10 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баяндаған әкім алдағы уақытта атқарылар шараларға да тоқталды.

«Аудан экономикасының басым бағыты болып табылатын ауыл шаруашылығында 39 млрд 463 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 102,2 пайызды құрады. Егіс көлемі 88 629,2 гектарға жетіп, 4 102,4 гектарға артты. Жуырда ғана облыс орталығы Түркістан қаласында өткен «ALTYN-KUZ-2020» ауыл шаруашылығы мерекесінде аудан диқандарының қажырлы еңбегінің арқасында «Астық өндіруші озат аудан», «Ет өнімдерін қайта өңдеуден озат аудан», сондай-ақ, «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан озат аудан» номинацияларына ие болдық. Бұл көрсеткіш тұтастай аудан шаруаларының бірлесіп атқарған еңбегі»,-деді Төлеген Тұртайұлы.

Бұдан өзге, биыл аудандағы 51 елді мекеннің 102 235 тұрғынын табиғи газбен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда 77,47 шақырым ішкі көшелерге орта жөндеу және аудандық маңызы бар жолдар мен 1 көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Жоғары қарай