Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұрт ауданында ШОБ саны 9 мыңнан асты

2021 жылдың 25 ақпан 2021 05:14

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жалпы 65 шағын жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 300-ге тарта жергілікті халықтың жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына мүмкіндік береді.

Ал, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 240 жаңа жұмыс орнын құрайтын 62 жоба жүзеге асырылған. Осылайша ауданда шағын және орта бизнес 9 166-дан асқан.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қаржы ұйымдары арқылы өткен жылы 4 635 тұлғаға 4 млрд 554,3 млн. теңге несие берілген. Негізгі басым бағыттар – ауыл шаруашылығы саласы бойынша. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы арқылы жалпы құны 861,2 млн. теңгелік 34 жоба ұсынылып, оның ішінде 22 жоба 565,2 млн. теңгеге қаржыландырылған. Қалған жобалардың құжаттары рәсімделуде.

Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар карантинге байланысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалы арқылы онлайн негізде дәріс алған. «Бастау бизнес» жобасымен 273 тұрғынға қайтарымсыз 555 600 теңге грант берілген.


Жоғары қарай