Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазҰУ ректоры БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 18:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті. Бұл жөнінде университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тараптар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған шараға қатысуын талқылады.




Фабрицио Хохшильд БҰҰ-ның жаһандық даму мақсаты жолында қазақстандық ЖОО-да жүзеге асып жатқан халықаралық басталамар мен жобалардың мазмұндылығына тоқталып, Жаһандық хабты басқарып отырған ҚазҰУ жұмысына алғысын білдірді.

Сондай-ақ ол әл-Фараби мерейтойына арналған шаралардың маңызын айтып, адамзат өркениетінің тұрақты дамуында өзектілікке ие болатын ғұламаның ізгілікті идеяларын насихаттау қажеттілігін жеткізді.


Жоғары қарай