Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазпошта 2025 жылға қарай өндірістік алаңдардың аумағын 2,4 есе ұлғайтады

2021 жылдың 16 маусым 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазпошта логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын қабылдады. Бүгінде ұлттық пошта операторының қарамағында 13 сұрыптау орталығы және 3 хаб бар. Олардың аумағы 25 мың шаршы метрден асып жығылады. Қазпошта алдағы 5 жылда өндірістік алаңдардың көлемін қосымша 33,4 мың шаршы метрге ұлғайтпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Бірінші кезекте Шымкент, Қарағанды және Өскемендегі өндірістік алаңдар ұлғайтылады. Бұл қалаларда логистикалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар біз пошта-логистикалық қызметтің сапасын арттыру жолында жұмыс барысын барынша цифрландыруға басымдық беріп отырмыз. Бүгінде өндірістік қуаттылықтарды заманауи және технологилық құрылғылармен жабдықтау, сұрыптаудың автоматтық жүйелерін және ақпараттық бағдарламаларды ендіру жұмыстары қолға алынды. Бұл ретте біздің ІТ-мамандар жұмыс процесін автоматтандыру үшін арнайы жасап шығарған өзіміздің цифрлық өнімдерге басымдық беріп отырмыз «, - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев .

Технологиялар өндірісте еңбек ететін мамандарға қолғабыс етпек. «Қазпошта» АҚ жасап шығарған мобильді қосымша процестерді автоматтандыру арқылы пошта жөнелтілімдерін өңдеуге, тиеуге және артуға жұмсалатын уақытты қысқартады.

Бағдарлама мобильді терминалдарға орнатылады. Сканер арқылы пошта жөнелтіліміндегі ақпарат поштаны тіркеу жүйесінде бірден көрсетіледі. Оның негізінде ілеспе құжаттар автоматты түрде қалыптасады және қызметкерге бұл ақпаратты тікелей жұмыс компьютері арқылы енгізу қажеттігі болмайды. Сканерлеу жұмыстары сәлемдемелер мен хат-хабарлар сұрыптау орталығына жеткізілген кезде және оларды жөнелту кезінде екі рет жүргізіледі. Бағдарлама пошта жөнелтілімдері дұрыс бағдарға артылмаған жағдайды да айқындайды.

Контейнерлік тасымалды қолданысқа енгізу және жүктерді паллеттеу – қызмет сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бірі. Бұл өз кезегінде пошта жөнелтілімдерінің деформациялану ықтималдығын барынша азайтады, контейнердің ішіндегі заттарға қолжетімділікті шектейді, арту-тиеу жұмыстарына қажетті уақытты қысқартады.

Бүгінде Қазпошта пошта-логистикалық қызметтің сапасын жақсартуға баса назар аударып отыр. Оған уақыт тиімсіз жұмсалатын процестерді оңтайландыру және автоматтандыру арқылы қол жеткізіледі.


Басты сөздер: Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай