Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазіргідей қиын сәтте халықты сабырға шақырамын – сенат депутаты

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі жағдайға қатысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиев елді ауызбіршілікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде соңғы күндері болып жатқан қаралы оқиға барша азаматтардың қабырғасын қайыстырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің конституциялық міндеттерін жүзеге асыру барысында кешенді шаралар қабылдап отыр», - деді Әбдәлі Нұралиев.

Халық қалаулысының мәлімдеуінше, дәл қазір біздің ел үшін ауызбіршілік ауадай қажет.

«Біз сол қабылданып жатқан шешімдермен келісеміз және соған барынша қолдау көрсетеміз. Қазіргідей қиын сәтте ел азаматтарын, бауырларымызды және жалпы халықты сабырға шақырамын. Еліміздің бірлігі, ынтымағы ешқашан жойылмау керек. Тәуелсіз мемлекетіміз мәңгілік болу керек», - дейді ол.


Жоғары қарай