Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазгидромет: Тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 12 тамыз 2020 06:00

НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, с олтүстік шығыстан жылжитын оңтүстік циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауса, солтүстікте нөсерлетеді. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен ұйтқып, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай