Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қыркүйектің 13-і күнгі ауа райы болжамы

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 13-і күнгі ауа райы болжамын жарияады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таатқан мәліметтерге қарағанда, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай