Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қарашаның 27-сі күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 27 қараша 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 27-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қарашаның 27-сі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ғана жауын жаумайды.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Ақмола облысында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен ұйтқиды.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай