Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қарашаның 23-і күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 23 қараша 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 23-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін республиканың оңтүстігіне әдеттегісінше антициклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Республиканың кейбір аймағында фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар жауады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын болуы да мүмкін. Желдің күші секундына секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде тұман түсуі ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай