Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: 15 қазанда күн жауын-шашынсыз болады, тұман түсуі ықтимал

2021 жылдың 14 қазан 2021 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» болжамынша, Қазақстан аумағындағы ауқымды антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстік-шығысы мен шығысында тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алматы облысында Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Атырау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде және Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Түнде Павлодар облысында да тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болмақ», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай